(11 ақпан 2026 жыл | Дереккөз: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі)
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы облысы бойынша департаменті 1Win брендімен интернет-казино ұйымдастырды деп күдіктелген бір топ адамға қатысты тергеу жүргізуде. Қызметті жасыру үшін жалған азаматтарға тіркелген филиалдық заңды тұлғалар желісі пайдаланылған.
СХЕМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ
Тергеу нұсқасы бойынша, 1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн-ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға ставкаларға қолжетімділік берген. Ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеу банктік карталар, электронды төлем жүйелері және криптовалюталар арқылы жүзеге асырылған.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА НЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР
Күдіктілер халықаралық іздеу жарияланды, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
МҮЛІКТІ ТӘРКІЛЕУ
Тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser, сондай-ақ шоттардағы ақша қаражатын — 151 млн теңге, $14 600 және €44 400 сотқа дейінгі тәркілеу басталды. Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден астам аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
Фонд-бюро расследования коррупции