Жамбыл облысында бұрын Мұхтар Әблязов байланысты компанияға заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды.
«Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың 13.07.2018 жылғы Тараз қалалық сотының «Ногайбай-Kazexim» ЖШС-нің жеке сот орындаушыларының (ЖСО) электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне апелляциялық шағымы бойынша істі қарады», - деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 2006 жылы несие алу үшін «Казэксим» ЖШС ауданы 14 000 га асатын 16 жер учаскесін БТА Банкіне заңсыз кепілге берген. Алайда нақты жер пайдаланушылар несие шарты мен жер учаскелерінің кепілі туралы тек 2010 жылдың қыркүйегінде білген.
Сот сондай-ақ 2010 және 2017 жылдары «Казэксим» бас директоры Мұхтар Әблязов пен басқа да адамдар сотталғанын еске салды. Олардан банк пайдасына елеулі мөлшердегі материалдық залал өндірілді.
«2011 жылы қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты Жамбыл облысының прокуроры «БТА Банк» АҚ мүддесіне сотқа талап арызбен жүгінді. 2011 жылғы сот шешімімен «Казэксим» ЖШС-нен банк пайдасына жауапкерлердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану арқылы 3 млрд теңгеден асатын берешек өндірілді», – деп хабарлады сотта.
2016 жылғы қыркүйекте ЖСО «Казэксимнің» кепілге қойылған мүлкін өндіріп алды, ал 2018 жылы аукцион нәтижелері бойынша компанияның 5 жер учаскесі сатылды.
«Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімінің заңсыздығы туралы қорытындыға келді, өйткені жер учаскелері «Казэксим» ЖШС-не заңсыз берілгені анықталды, осыған байланысты олар Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға тиіс. Осылайша, сот жер пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғады», - деп атап өтті сотта.
Фонд-бюро расследования коррупции