Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында прокурорлар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде заңнама бұзушылықтарды анықтады.
Өңір прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары препараттарды тиісінше сақтамау, есірткі құралдары бар ампулаларды уақтылы жоймау және дәрі-дәрмектерді дұрыс тағайындамау фактілерін анықтаған.
Бұдан бөлек, дәрігерлердің операциялар кезінде науқастарға мерзімі өткен «Кетам» анестезия (наркоз) медициналық препаратын қолданғаны белгілі болды.
«Прокуратураның қабылдаған шараларымен медициналық мекеменің 12 лауазымды тұлғасы тәртіптік тәртіппен жазаланды және 12 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы ережелерді бұзу) 1,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции