Skip to main content

9 млн теңгеге тендерді Қазақстан футбол федерациясы жеңіп алды

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстан футбол федерациясы премьер-лиганың қарағандылық клубы «Шахтер» жариялаған тендерді жеңіп алды. 

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы хабарландырудың техникалық сипаттамасында көрсетілгендей, отандық команда 2024-2025 жылдары «UEFA бағдарламасы бойынша футбол жаттықтырушыларын дайындау (оқыту)» жүргізетін қызмет көрсетушіні іздеген.

«Осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы аумағында UEFA жаттықтырушы санаттары (PRO UEFA, В Goalkeeper UEFA, В UEFA, С UEFA) бойынша оқыту қызметтерін ұсыну құқығымен оқыту ұйымына жеке сәйкес келу және/немесе шарттық міндеттемелері болуы, оқу аяқталғаннан кейін UEFA жаттықтырушы санатының (PRO UEFA, В Goalkeeper UEFA, В UEFA, С UEFA) дипломын (сертификатын) беру», - делінген техникалық сипаттамада.

Шарт сомасы 9 352 679 теңгені құрады. Қызмет көрсетуші 8 маманды оқытуы тиіс. 

Белгілі болғандай, тендер жеңімпазы «Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» деп танылды. 

Айта кетейік, федерация президенті Әділет Барменқұлов бұрын «Шахтер» ФК директорлар кеңесінің төрағасы болған.