Оралда жөндеу жұмыстары кезінде жергілікті арбат ретінде танымал Динара Нұрпейісова көшесінде екі жыл бұрын ғана орнатылған орындықтар ауыстырылды. Сол кезде оларды орнатуға бюджеттен 5 млн теңге бөлінген еді: 15 орындықтың әрқайсысы 333 мың теңгеден тұрды.
«Мой Город» басылымының мәліметінше, қазір ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында Нұрпейісова көшесіне 16 жаңа орындық орнатылды. Мердігер ретінде «KazTradeDevelopment» ЖШС танылды. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 165 млн теңгені құрады. Жоба брусчатканы ауыстыруды, жарықтандыруды, орындықтар мен жәшіктерді орнатуды көздейді.
Бұған дейін осыған ұқсас орындықтар Сырым Датұлы көшесінде де орнатылған болатын. Алайда екі жылдан сәл астам уақыт өткен соң құрылымдар «қажетсіз» болып шықты — оларды жаңасына ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Әкімдіктің мәліметінше, ескі орындықтар есептен шығарылмаған: оларды қалалық саябақтар мен гүлзарларға — соның ішінде 4-шағын ауданға және Деркүл кентіне көшірді.
Фонд-бюро расследования коррупции