Мына 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.
«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Еске салайық, арнайы төлемді тағайындаудың міндетті шарттары 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) кемінде 7 жыл зейнетақы жарналарының болуы болып табылады.
Бүгінгі таңда еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда ұзақ уақыт жұмыс істеген 9145 азаматқа 1,7 млрд теңге мөлшерінде сома тағайындалды.
Төлемдер 4 көзден – республикалық бюджеттен, БЖЗҚ-дан, жұмыс берушіден және өмірді сақтандыру компаниясынан жүзеге асырылады.
Арнайы төлемді тағайындауға жүгінушілердің ең көп саны Қарағанды (1696 адам), Қостанай (1180 адам), Шығыс Қазақстан (1132 адам), Павлодар (1015 адам), Ақтөбе (599 адам), Ақмола (566 адам) облыстарында және Абай облысында (505 адам) тіркелді. Мұндай төлемдердің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды.
«Жұмыскерлер еңбек жағдайлары аз зиянды жұмысқа ауыса алады, бұл ретте жалақыны да, арнайы төлемді де алуды жалғастырады. Немесе олар зейнетақы тағайындалғанға дейін төлемді ала отырып, демалысқа шыға алады», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции