Skip to main content

12 млн теңге КНБ Назарбаев Университетінен өндіріп алды

Submitted by Вера Александрова on

Астана қаласының ауданаралық экономикалық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Назарбаев Университетіне қатысты талап арызын қанағаттандырды. «Қазинформ» ХАА мәліметінше, университет сот шешіміне апелляциялық шағым бере алады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» РММ-нің талап арызы — қанағаттандырылсын. «Назарбаев Университеті» автономиялық білім беру ұйымынан мемлекет кірісіне 12 038 750 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы, 361 162 теңге мемлекеттік баж өндірілсін», — деп үкім шығарды судья Асан Бакишев.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылғы шілдеде ҰҚК университетпен «ғылыми-зерттеу жұмысын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» шартын жасасқан.

«Оның тақырыбы — интеллектуалды криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді (АБК) әзірлеу. Орындау мерзімі — 2023 жылдың соңына дейін», — делінген хабарламада.

Сот кабинетінің мәліметі бойынша, жоғары оқу орны шифрланған SSL/TLS трафигін машиналық дешифрлеуге арналған АБК әзірлеуі керек еді, алайда университет мерзімдерді бұзған. ҰҚК талап еткен тұрақсыздық айыбы шарт бойынша жалпы соманың 10%ын (120 383 750 теңге) құрады.