Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Астана қаласының мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына және мердігер ұйым өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бюджет қаражатын ерекше ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген.
Белгілі болғандай, 2016 жылы Астана қаласы күнін мерекелеуге орай «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық иллюминациялық және отты шоу») субұрқағын салу кезінде субұрқақты салуға арналған келісімшарттар мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбестен жасалған.
Сонымен қатар, субұрқақ жобалық-сметалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.
Бұдан басқа, құрылыс кезінде техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар пайдаланылған.
Нәтижесінде, бұл нысан авариялық жағдайда және 2017 жылдан бері жұмыс істемейді. Ұрланған қаражат сомасы 1 млрд теңгеден асқан.
«Күдікті – Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс аясында оның мүлкіне – 3 коммерциялық үй-жай, 2 тұрақ орны және Астана қаласындағы премиум класты пәтерлеріне тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Барлығы осы іс бойынша күдіктілердің 572 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции