Қызылорда прокуратурасы қала әкімдігінің жолдарды жөндеу жұмыстарын бастау туралы уәкілетті органға хабарлама жібермегенін анықтады.
«Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастамас бұрын, тапсырыс беруші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етуге міндетті», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, қалалық әкімдік Қызылорда облысы бақылау басқармасына хабарлама жібермей, төрт көшеде жөндеу жұмыстарын бастаған.
Нәтижесінде лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ал Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктерді анықтады.
Белгілі болғандай, биыл онда бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мартук – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жүргізілген. 4 шақырым жаңартылған жолдың жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып жарамсыз болғаны хабарланады.
Анықталғандай, мердігер жаңа жол төсемімен инертті материалды тасымалдаған, себебі жобада айналма жол қарастырылмаған.
Бұдан басқа, шарт жасасу кезінде мердігер үшін екі жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір ғана жыл белгіленген.
Прокуратура талдауының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі жөндеудің кепілдік мерзімдерін қайта қарап, мердігердің жол төсемін қалпына келтіру мәселесі бойынша талап арыз берген.
Фонд-бюро расследования коррупции