Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2391 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жер аудан әкімінің өкімі және аудандық жер қатынастары бөлімімен жасалған келісімшарт негізінде шаруа қожалығына 20 жыл мерзімге жалға берілген. Алайда 2012 жылдан бастап учаске мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Прокурорлар пайдаланылмаған жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңгені құрайтынын анықтады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде учаске басқа жер пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облыстық соты Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан үш жер учаскесі бойынша мәмілелерді жарамсыз деп танып, оларды мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеген болатын.
Сот 2004 жылдан 2016 жылға дейін барлық учаскелер Асқар Көшербаевпен, оның ішінде оның ұлы Бексұлтан Көшербаев және келіні Найля Көшербаевамен байланысты компаниялар арасында дәйекті түрде ауысып отырғанын анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции