В Павлодар облысында «Қазавиақұтқару» әуекомпаниясының Ми-8 тікұшағы іздеу-құтқару ұшуы кезінде қатты қону жасады. Әуе оқиғасы салдарынан қаза болғандар жоқ, зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.
НЕ БОЛДЫ
Көлік министрлігінің деректері бойынша, 2026 жылғы 24 маусымда Павлодар облысы Заря ауылы маңында «Қазавиақұтқару» АҚ пайдаланатын тіркеу нөмірі UP-MI872 МИ-8 АМТ әуе кемесінің қатты қонуы орын алды.
Тікұшақ жоғалған адамды іздеу бойынша іздеу-құтқару ұшуын орындады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1950 жылы туған ер адам балық аулау кезінде мотоциклмен аударылып, аяғынан жарақат алып, кейін көмек сұраған.
Бортта 13 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 8 жолаушы болған.
САЛДАРЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Министрліктің ақпараты бойынша, әуе оқиғасы салдарынан қаза болғандар жоқ. Зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.
Әуе оқиғасы адам шығыны жоқ әуе оқиғасы (апат) ретінде жіктелді.
ТЕРГЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР
Тергеу Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген әуе оқиғалары мен инциденттері туралы деректерді ұсыну және тергеу қағидаларына сәйкес жүргізілуде.
Тергеуді көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті жүргізеді. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері нақты ақпарат жинау үшін тергеудің далалық кезеңіне кірісті.
Фонд-бюро расследования коррупции