Қорғаныс министрлігі тамыз және қыркүйек айларында ел аумағында «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қару-жарақ, әскери техника мен жеке құрамның орын ауыстыруы жүзеге асырылатынын ескертті. Әскерлерді тасымалдау үшін теміржол, автомобиль және авиациялық көлік пайдаланылады.
ӘСКЕРЛЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскерлерді тасымалдау аралас тәсілмен жүзеге асырылады. Қару-жарақ, әскери техника және жеке құрам теміржол эшелондарымен, жалпы пайдаланымдағы жолдармен автомобиль колонналарымен, сондай-ақ фронттық және армиялық авиацияны пайдалану арқылы жылжытылады.
ОҚУ-ЖАТЫҒУ ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАЙДЫ
«Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кешенді сипатқа ие және Қазақстанның бүкіл аумағындағы оқу полигондарын қамтиды. Ол Қарулы Күштердің қазіргі заманғы жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге бағытталған.
Оқу-жаттығу кезінде құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте бірыңғай операциялық кеңістікте әскерлерді қолдану және аралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады.
АЗАМАТТАРҒА НЕНІ ҰСЫНДЫ
Министрлік азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдерін сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.
Сондай-ақ ведомство әдейі жалған ақпарат тарату, сондай-ақ расталмаған мәліметтерді жариялау ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Фонд-бюро расследования коррупции