Ақтөбедегі №56 мектептің 5-сынып оқушысына металл қақпа құлады. Оқиға қаланың 12-шағын ауданындағы №45Д үйінің жанында болды. Баланың жағдайы тұрақты деп бағалануда.
НЕ БОЛДЫ
aqtobe_sergek Instagram-парақшасының хабарлауынша, Ақтөбедегі 12-шағын аудандағы №45Д үйінің жанында №56 мектептің 5-сынып оқушысына металл қақпа құлаған. Бала жарақат алған, алайда оның жағдайы тұрақты болып қалуда.
ПОЛИЦИЯ НЕ ХАБАРЛАДЫ
Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) мәліметтері бойынша, оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Алдын ала деректер бойынша, металл қақпа бекітілмеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
ФАКТ ҚАНДАЙ БАП БОЙЫНША ТІРКЕЛДІ
Бұл факт ҚР ҚК 306-бабы бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») тіркелген.
Сондай-ақ футбол алаңының құрылысы мен күтімінің мән-жайы анықталуда. Бұл жұмыс Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімі арқылы жүргізілуде.
Фонд-бюро расследования коррупции