Байзақ ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде бұзушылықтарды анықтады, соның салдарынан бюджетке міндетті төлемдер 49,6 млн теңге көлемінде түспеген. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
НЕ БЕЛГІЛІ
Байзақ ауданының прокуратурасы «Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ қызметінде жер заңнамасы талаптарының сақталуын тексерді.
Тексеру нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде бұзушылықтар анықталды. Оларды тұрғын үйлерге, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге аудару кезінде уәкілетті орган ҚР Жер кодексінде көзделген ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу үшін төлемдердің есептелуі мен өндірілуін қамтамасыз етпеген.
БІР УЧАСКЕ ҚАРЫЗМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛДЫ
Анықталған жағдайлардың бірі 5,7 га аумағындағы суармалы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту болды. Тиісті шешімді Ұлгілі ауылдық округінің әкімі қабылдады.
Жер пайдаланушыға ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын 7,5 млн теңге мөлшерінде өтеу міндеті жүктелді. Алайда заңда белгіленген мерзімде бұл сома төленбеді.
БЮДЖЕТКЕ ҚАНША АҚША ТҮСПЕДІ
Тексеру барысында прокуратура тағы 5 осыған ұқсас фактіні анықтады. Олар бойынша бюджетке жалпы сомасы 49,6 млн теңге міндетті төлемдер түспеген.
Сөз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жер заңнамасында көзделген жағдайларда басқа мақсаттарға аудару кезінде алынуға тиіс төлемдер туралы болып отыр.
ҚАНША СӘМА ӨНДІРІЛДІ
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 35 млн теңге өндірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар қарыздың қалған сомасын өндіру бойынша шаралар қабылдауда.
Фонд-бюро расследования коррупции