В Астанада 23 жастагы ер адамды алаяқтық және әдейі жалған ақпарат тарату үшін үш жылға бас бостандығынан айыруға соттады. Ол әлеуметтік желіде әскерде қызмет ету кезінде зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы ойдан шығарылған оқиға жариялап, осы сылтаумен ақша жинаған.
ТЕРГЕУ НЕНІ АНЫҚТАДЫ
Ол ақпанда анонимді түрде орналастырған Threads желісіндегі жазбасында әскери қызмет өткеру кезінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген. Хабарламада ол өз өміріне қауіп төнгенін де айтып, пайдаланушылардан шетелге шығу үшін ақшалай көмек сұрап, аударымдар үшін банк деректемелерін қоса берген.
Пайдаланушылардың бірінің шағымынан кейін полиция тексеруді бастаған. Тексеру барысында ер адамның әскери қызмет етпегені, ал жарияланған оқиғаның шындыққа жанаспайтыны анықталған.
АҚША ҚАЛАЙ ЖИНАЛДЫ
Ақша аударымдарын алу үшін сотталған адам өзі алдап сендірген 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күн ішінде осы шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.
Тергеу кезінде ер адам ақша алу мақсатында оқиғаны ойдан шығарғанын мойындаған.
СОТ ҚАНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Үкімді Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты шығарды. Сот ер адамды алаяқтық және әдейі жалған ақпарат тарату бойынша кінәлі деп танып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілерде таратылатын ақпаратты мұқият тексеруге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды. Ведомство ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге кеңес береді.
Фонд-бюро расследования коррупции