Алматыда IT-мамандары қаржылық қылмыстармен күресу үшін цифрлық құралдар әзірлейтін ауқымды хакатон өтеді.
ІС-ШАРАНЫҢ ТОЛЫҒЫ
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен (ҚазҰУ) бірлесіп IT-мамандарды, аналитиктерді, әзірлеушілерді және жасанды интеллект саласындағы сарапшыларды «AFM AI Hackathon 2026» - жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және деректер аналитикасы саласындағы инновациялық шешімдер байқауына қатысуға шақырады.
Іс-шара 2026 жылғы 24–25 маусымда Farabi Hub (Алматы қ.) өтеді.

БАЙҚАУДЫҢ ҮШ БАҒЫТЫ
Қатысушылар үш бағыт бойынша жұмыс істейді:
- Digital Shadow – көлеңкелі интернетті бақылау және ашық дереккөздерден (OSINT) мәліметтер жинау;
- AI Shield – деректер қорын қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;
- AI Media Watch – әлеуметтік желілердегі заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау.
МАҚСАТ - НАҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
Хакатон «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіледі және экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың озық құралдарын жасауға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың ниеті бойынша, қатысушылардың әзірлемелері ведомство жұмысында практикалық қолданыс табуы тиіс.
Тіркеу сайтта қолжетімді: www.qmahackaton.kz
Фонд-бюро расследования коррупции