Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданындағы, сібір жарасы қорымдарының маңында пайдалы қазбалар өндірілген учаскені мемлекетке қайтарды.
«Талап қоюда 14,6 га жер учаскесіне жалдау шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушының бұзылған жерлерді жобаға сәйкес рекультивациялауы және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеуді жою туралы талаптар қойылды», — деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Облыстық экономикалық сот талап қоюды қанағаттандырып, жерлерді мемлекеттік қорға қайтару туралы шешім шығарды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 22 қарашада Атырауда өлі малдың ұшасынан сібір жарасы бактериялары табылғаннан кейін мал базары карантинге жабылды.
Белгілі болғандай, 12 қарашада базар қызметкері БҚО-дан әкелінген күдікті сиыр ұшасын байқаған. Төрт күн өткеннен кейін ғана ветеринариялық қызметтер тін үлгілерін алып, оларды зертханалық сараптамаға жіберген.
25 қарашада базар қызметкерлерінің бірінен аурудың тері түрі расталды.
Фонд-бюро расследования коррупции