Астанада жасөспірімдерді пайдалана отырып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау фактілері анықталды.
Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары 2008-2010 жылдары туған сегіз кәмелетке толмағанды анықтады, олар үш қайырымдылық қорына ерікті ретінде тартылған.
Аталған қорлар «қайырмалдық» деген желеумен жалпы сомасы 340 млн теңге көлемінде ақша жинаған.
Осы факті бойынша полицейлер ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен («Алаяқтық») қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында қорлардың лауазымды тұлғаларының кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тарту жөніндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
«Қайырымдылық қорлары мен ата-аналарды балалардың орындайтын жұмысына, оның ішінде еріктілік және өзге де қызметіне мұқият қарауға, балалардың құқыққа қайшы әрекеттерге қатысуына жол бермеуге шақырамыз», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада «Biz birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Сотталушылар мүгедек балаларға көмек көрсету, Таяу Шығыста зардап шеккендер мен Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін қаражат жинау деген желеумен алаяқтық жасады деп айыпталды.
Жиналған 2,08 млрд теңгенің тек 920 млн теңгесі схеманы жасыру үшін қайырымдылыққа жұмсалған. Қалған ақша сотталушылардың жеке мұқтаждарына пайдаланылған.
Фонд-бюро расследования коррупции