Skip to main content

Жаппай улану: СҚО-да екі бала қайтыс болды

Submitted by Вера Александрова on

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында бес адамнан тұратын отбасы уланды, 3 және 6 жастағы екі бала қайтыс болды

"Қазинформ" ХАА мәліметінше, полиция қызметкерлері отбасының улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу "Санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу, абайсызда адамдардың жаппай улануына және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған" бабы бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланды. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мамандар сынамаларды алып, қазір олардың зертханада сараптамадан өтіп жатқанын айтты. Уланудың себебі әзірге хабарланбады.

"Қазір 1996 жылғы ана мен 2014 жылғы бала көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Әкесінің айтуынша, олар жергілікті дүкеннен тұшпара мен кока-кола сатып алып, тұтынған", — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.