Skip to main content

Жамбыл облысының орман шаруашылықтарында шамамен 2000 га жануда

Submitted by Вера Александрова on

Жамбыл облысының Сарыкөбе орманшылығында 1650 га аумақта өрт болды.

«4 маусым сағат 16:20 шамасында «Меркі ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-нің Сарыкөбе орманшылығы аумағында құрғақ шөптің өртенуі орын алды, ауданы 1650 га», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өрт орнында орман шаруашылығы қызметкерлері (25 адам, 3 трактор) жұмыс істеуде. Оқиға орнына сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлері (22 адам, 7 трактор, 3 автокөлік), ТЖД (84 қызметкер, 9 бірлік техника) шықты. 

Орманшылық аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқаны хабарланады. 

Сондай-ақ өрт Т. Рысқұлов ауданының аумағына ауысты, өртті сөндіруге 3 бригада, 16 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 

Сонымен қатар ҚФБҚ негізін қалаушы Кирилл Павлов өзінің Telegram-арнасында Ақтөбе облысының Байғанин ауданында ірі өрт болғанын хабарлады.

«Ақтөбе облысының Байғанин ауданында бір нәрсе жанып жатыр. Ауданы шамамен 30 000 га. Шамасы, шопандар шөп пен қамысты жағады, бірақ олай болмауы да мүмкін», - делінген хабарламада.