Жамбыл облысында ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері контрабандалық темекінің ірі партиясын ұстады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйекте мемлекеттік шекара учаскесінде жүк пойызын тексеру кезінде акциздік маркасы жоқ 890 980 қорап темекі табылды.
Жүкті құрылыс материалдары деген желеумен қажетті ілеспе құжаттарсыз өткізуге тырысқан.
Тәркіленген темекінің алдын ала құны 600 млн теңгеден астам бағаланып отыр. Контрабандалық тауары бар вагон ағытылып, процессуалдық әрекеттер басталды.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 4,5 млн дана темекі өнімін жою бойынша ауқымды шара өткізілген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции