Skip to main content

Улытау облысында қайтарылған активтер есебінен мектеп салу жоспарлануда

Submitted by Вера Александрова on

Үкімет Ұлытау облысы Қаражал қаласында мектеп салуға Арнайы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 80 орындық білім беру нысаны «Вокзальный» шағын ауданында салынады. Қазіргі уақытта жергілікті балалардың көпшілігі қаланың басқа бөліктерінде оқуға мәжбүр.

«Жаңа оқу орнын салу заманауи талаптарға сай балалардың оқуына қолайлы жағдай жасауға және білімнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлінгені атап өтіледі. 

«Олардың қатарында Атырау облысы Жамансор ауылындағы, Жетісу облысы Рудничный және Көксай ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыка мектебі, Ақмола және Алматы облыстары Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешені, Риддердегі көпфункционалды аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе және Петропавлдағы 2 балабақша, сондай-ақ Маңғыстау өңіріндегі жедел жәрдем станциясы бар», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы қазанда хабарланғандай, Ақмола облысы Зеренді ауылында спорт кешені мен Түркістан облысы Темірлан ауылында музыка мектебін салуға Арнайы мемлекеттік қордан шамамен 3 млрд теңге бөлу жоспарланған болатын. 

Сонымен қатар Қазақстанда мемлекетке қайтарылған 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру басталды. Осындай жобалардың бірі - Алматыда заманауи мәдениет орталығын салу.

Қарашада хабарланғандай, үкімет Ақтөбеде ерекше балаларға арналған балабақша салуға Арнайы мемлекеттік қордан 7,8 млрд теңге бөлуді жоспарлаған болатын.

Кейінірек осы қордан Риддерде көпбейінді аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Желтоқсанда үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салуға Арнайы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам бөлуді шешті.

Осы жылдың қаңтарында Арнайы мемлекеттік қордан Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлінді