Skip to main content

Туркістан облысындағы жол ақауларын жою мердігерлерге міндеттелді

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысында өңір әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасовтың төрағалығымен жол саласын бақылау жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. 

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг қорытындысы бойынша өңірде автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде көптеген бұзушылықтар тіркелген. 

Сапаға қатысты талаптар 30-дан астам мердігерлік компанияға қойылған. Ең көп ескертулер — Түлкібас, Сайрам, Отырар, Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Ордабасы, Бәйдібек аудандарында, сондай-ақ Түркістан, Кентау және Арыс қалаларында.

Бірқатар жағдайда техникалық стандарттар сақталмаған, жол төсемін төсеу ақаулары және мерзімінен бұрын тозу белгілері анықталған.

Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары жол саласына жауапты мердігерлік ұйымдарға, сондай-ақ аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне нақты тапсырма берді.

«Жол құрылысына жауапты әрбір мекеме өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. 1 маусымға дейін сапасыз жолдарды жөндеңіздер, кемшіліктерді жойыңыздар. Міндеттерін орындамаған жауапты тұлғаларға заң аясында тиісті шаралар қолданылады», — деді Зұлфұхар Жолдасов.

Әкімдікте анықталған кемшіліктерді жою ерекше бақылауда болатынын атап өтті.