Skip to main content

Түркістан облысындағы балабақшада жаппай улану

Submitted by Вера Александрова on

34 бала жекеменшік балабақшада тамақтан уланды Түркістан облысы Келес ауданы. «Қазінформ» ХАА мәліметінше, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. 

Белгілі болғандай, балалар таңғы астан кейін өздерін нашар сезіне бастаған. Балабақша қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткен. Содан кейін балалар ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер олардың жағдайын мұқият бақылап отыр. 

Балалардың улану ісі Түркістан облысы білім басқармасының бақылауында екені хабарланды.

«Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тексеру жұмысын жүргізді. Балаларға таңғы асқа берілген ботқа мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілді. Ауруханада жатқан балалардың жағдайын дәрігерлер мұқият бақылап отыр. Осы жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО Қызылжар ауданында дүкеннен сатып алынған тағамдарды тұтынған бес адамнан тұратын отбасы уланған. 3 және 6 жастағы екі бала қайтыс болды.