Мемлекеттік ұйымдарға Электрондық сауда алаңы арқылы Bentley Bentayga V8 2021 жылғы шығарылған люкс автомобилін беруді жоспарлап отыр. Press.kz мәліметінше, оның нарықтық құны 104 316 000 теңгеге бағаланған.
Белгілі болғандай, автомобиль лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық іс бойынша өткен. Астана қаласының тергеу соты Антикор өтініші бойынша көлікке тыйым салғаны хабарланады.
«Бұл ұсыныс мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғаларға беруге арналған», - делінген сауда-саттық ескертпесінде.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайымдау күдігімен индустрия және инфрақұрылымдық даму бұрынғы вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды. Сот санкциясымен одан және оның жақын туыстарынан қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлік - элиталық жеке үйлер, жер телімдері, Cadillac Escalade, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I және Bentley Bentayga V8 (2021 жылғы шығарылған) маркалы автомобильдер тәркіленді.
Бұл мемлекеттік органдарға берілетін дәл сол Bentley екендігі хабарланбайды. Алайда, тәркіленген көлік иесінің тартылған бабы, сондай-ақ көліктің шығарылған жылы бұл болжамның негізділігін дәлелдейді.
Фонд-бюро расследования коррупции