Талдықорған жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері мен жүргізушілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға бейнеүндеу жазды. Олар ауыр еңбек жағдайлары мен қызмет жұмысына жүйелі өзгерістер енгізу қажеттігін мәлімдеді.
Vlast.kz мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлерінің негізгі талаптары – жалақыны көтеру, кадр саясатын қайта қарау, фельдшерлерге тиісті мәртебе беру, зейнет жасын төмендету және міндетті медициналық тексерулерге қатысты мәселелерді шешу.
Фельдшерлердің айтуынша, еңбек ақы деңгейі олардың физикалық және психологиялық жүктемесіне сәйкес келмейді, ал дәрігерлердің тапшылығы міндеттердің едәуір бөлігі орта буын қызметкерлеріне жүктелуіне әкеледі.
Үндеу авторларының сөзіне қарағанда, олар ауыр науқастармен жұмыс істеуге, өз бетінше диагностика жүргізуге және төтенше жағдайларда шешім қабылдауға мәжбүр.
Олар сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігін кадр саясатын қайта қарауға шақырып, фельдшерлердің мәртебесі мен жауапкершілік көлемі іс жүзінде әскери қызметкерлердің жұмысына теңестірілгенін атап өтті.
«Күн сайын біз ауыр науқастарды көтереміз, үйлердің жоғарғы қабаттарына көтерілеміз, агрессивті, мас немесе психикасы тұрақсыз адамдармен жұмыс істейміз, ауа райына қарамастан тәулік бойы қызмет етеміз. Жасы ұлғайған сайын мұндай жұмысты орындау мүмкін емес», - деп атап өтті қызметкерлер.
Осыған байланысты олар өздерінің жеңілдіктерін 101 және 102 қызметтерінің қызметкерлерінің жеңілдіктеріне теңестіруді, сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлерінің зейнет жасын төмендетуді талап етеді.
Жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері МӘМС бойынша үнемі аударымдар жасалғанына қарамастан, міндетті медициналық тексеруден жылына екі рет, жалпы сомасы 20–25 мың теңгеге өз есебінен өтуге мәжбүр екендерін айтады. Фельдшерлер бұл шығындарды негізсіз деп санайды және тексеруден өту тәртібін қайта қарауды сұрайды.
Сонымен қатар олар артық жұмыс уақытын көрсетеді: айына 160–170 сағат нормасы кезінде қызметкерлер үстеме жұмыс уақытын бір жарым есе мөлшерде төлеуді талап етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының сәулелік диагностика және ультрадыбыстық бейнелеу бөлімдерінің қызметкерлері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакуповаға, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа және елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаеваға өздерінің еңбек жағдайларын аттестаттау нәтижелерін қайта қарауды сұрап ұжымдық үндеу жолдаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции