Солтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер өсімдіктерді өтемақылық отырғызу көлемін 8 мың бірліктен астамға негізсіз төмендетуге жол берген.
«Сонымен қатар өсімдіктер әлеміне келтірілген залалдың мөлшерін күші жойылған базалық мөлшерлемелерді қолдана отырып есептеу, 8 кәсіпкерлік субъектісі тарапынан 730 дана көлеміндегі өтемақылық отырғызу бойынша міндеттемелерді орындамау фактілері анықталды. Бұл ретте аталған тұлғаларды мәжбүрлеу шаралары қабылданбаған», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге Мамлют ауданында жергілікті әкімдіктің рұқсат беру құжаттарынсыз көшеттерді алып қою фактісі анықталды. Өз кезегінде облыс әкімдігі анықталған бұзушылықтарды жою, жасыл желектерді қорғау және күзету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Жосықсыз кәсіпкерлердің бір бөлігі 300 ағашты өтемақылық отырғызуды жүзеге асырды.
«Қалған бұзушыларға қатысты өтемақылық отырғызу бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеудің сотқа дейінгі шаралары қабылданды, орындалмаған жағдайда кейіннен сотқа жүгінетін болады», - деп атап өтті прокуратурада.
Міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке Петропавл қаласының ТКШ бөлімінің басшысы мен Мамлютка қаласының әкімін қоса алғанда, төрт лауазымды тұлға тартылды.
Прокурордың заңды талабын уақтылы орындамағаны үшін Петропавл қалалық әкімдігі бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 665-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толық көлемде өндірілді.
Бұл шенеуніктерді экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартудың жалғыз жағдайы емес.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында табиғат қорғау прокуратурасы Алматы қаласының аумағында 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады. Сонда қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фонд-бюро расследования коррупции