Skip to main content

Шетел азаматтары ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруге күдікпен ұсталды

Submitted by Вера Александрова on

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бағалы металдарды заңсыз өндірудің жолын кесті.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шара барысында 19 шетел азаматы және Өскеменнің екі тұрғыны ұсталды. Олар пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге күдікті.

Құқық қорғау органдары экскаваторлар, бульдозер, ұсақтау қондырғылары және басқа да жабдықтарды, сондай-ақ құрамында алтын және басқа да бағалы металдар бар деген белгілері бар металл бұйымдарын тәркіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу іске 20-дан астам адамның қатысы болуы мүмкін екенін тексереді. Сараптамалар тағайындалып, дәлелдемелер жиналуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті Ұлан ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады. Экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.