ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Шахтинск қаласында белбеуге асылып, өлі күйінде табылды. ORDA деректеріне сәйкес, Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен кенттегі әскери бөлімде қызмет еткен мерзімді қызметшінің мәйіті табылды.
Өз кезегінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәйіттің пәтерден табылғанын атап өтті.
«Ағымдағы жылғы 13 қазанда Шахтинск қаласындағы тұрғылықты жері бойынша пәтерде қызметтен тыс уақытта мерзімді қызметшінің мәйіті анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол отбасылық-тұрмыстық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған», — деп түсіндірді ведомствода.
Әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Еске сала кетейік, армиядағы қайғылы оқиғалар жиілеуіне байланысты қазақстандықтар міндетті әскери қызметті жою туралы петиция жасады. Авторлардың пікірінше, Қазақстанда мерзімді әскери қызметті жою бейбіт уақытта әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты өзекті болып отыр. Тек қыркүйек айында біз осындай бес оқиға туралы жазған болатынбыз.
7 қыркүйекте Ақтау қаласындағы әскери бөлімде басына оқ тию салдарынан мерзімді әскери қызметші қаза тапты. 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында сержант өз-өзіне қол жұмсады. 16 қыркүйекте Арыс қаласында әскери бөлімдерінің бірінің мерзімді қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. 19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері асылып, өз-өзіне қол жұмсады. 30 қыркүйекте Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің мерзімді қызметшісі тұрғын пәтерінде өз-өзіне қол жұмсады.
Сонымен қатар ФБРК редакциясы соңғы жылдары «Отан алдындағы борышын өтеп» қанша адам қаза тапқанын анықтауға тырысты. Біз Қорғаныс министрлігіне ҚР Қарулы Күштеріндегі өлім саны туралы мәліметтерді ұсыну туралы ресми сұрау жібердік. Ведомствоның жауабымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Фонд-бюро расследования коррупции