Skip to main content

Риддер мемлекеттік мекемелерінде жаңа жұмыс кестесі енгізілді.

Submitted by Вера Александрова on

Риддерде мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың және әлеуметтік қызметтердің жұмыс кестесі жаңа уақытқа бейімделді.

«Казинформ» ХАА мәліметінше, енді қаладағы жұмыс күні 08:00 басталып, 17:30 аяқталады, ал түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін созылады. Риддер Шығыс Қазақстан облысының 13 әкімшілік бірлігінің 12-ші болып жаңашылдықты қолдады. 

Мектептердің, балабақшалардың және медициналық мекемелердің жұмыс тәртібі бұрынғы күйінде қалғаны атап өтіледі. Ал қала тұрғындары жаңа кестеге оң көзқарас танытты.

«Енді жұмыстан қараңғыда қайтудың қажеті жоқ. Ал күннің бірінші жартысында өнімділік жоғары, жұмыс істеу жеңілдеді. <...> Енді жұмыс тәртібі балабақшалардың кестесімен жақсырақ үйлеседі. Ерте бастаймыз — ерте аяқтаймыз, отбасына көбірек уақыт қалады», — дейді жергілікті тұрғындар.

Қала әкімінің орынбасары Болат Акужановтың сөзінше, жаңа кестені енгізбес бұрын билік халықпен жаңашылдықты талқылаған, олар бастаманы қолдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, сондай-ақ Марқакөл және Үлкен Нарын елді мекендеріндегі бюджеттік және мемлекеттік ұйымдарда жаңа жұмыс кестесі енгізілген болатын.