Skip to main content

Qazaq Banki-дің бұрынғы акционеріне тиесілі коттедж қайтадан сауда-саттыққа шығарылды

Submitted by Вера Александрова on

Qazaq Banki-дің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің тәркіленген коттеджі 380 млн теңгеге сатылымға шығарылды.

Хабарландыруда 2003 жылы салынған, жалпы ауданы 272,5 шаршы метр екі қабатты үйдің қанағаттанарлықсыз жағдайда екені көрсетілген.







Telegram-арнасы «Nege.Aqsha» деректері бойынша, нысан Bank RBK-дағы ұрлық ісі бойынша 2020 жылдың қараша айында тәркіленген. Бұрын бұл үй аукционға қойылған, тіпті сатып алушы табылған, бірақ белгісіз себептермен аукцион нәтижелері жойылған.

Өз кезегінде Kursiv.media 2020 жылы Бақыт Ибрагимнің Германиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлайды. Келгеннен кейін ол Bank RBK-дағы ұрлық үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2024 жылы ол бостандыққа шықты.

Наурызда ол Алматыда өлі күйінде табылды. Сонда полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Тамыз айында іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жабылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Ибрагимнің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғаны анықталды.