Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) екі есеге арттыру – $286 млрд-тан (2024 жыл) $450 млрд-қа дейін (2029 жылға қарай) жеткізу жөнінде айтқан мақсаттарына түсінік берді.
«Бұл міндет – амбициялық, бірақ қол жеткізуге болады. Өткен жылы ЖІӨ көлемі $286 млрд құрады. Биыл экономикалық өсу көрсеткіштерін ескере отырып, біз $300 млрд белгісінен асуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылдары экономиканың серпінді өсуін қамтамасыз еткен жағдайда, $450 млрд-қа жету біздің қолымыздан келеді», – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі Бектеновке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, бұл үшін өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, экономиканы әртараптандыру және жоғары деңгейдегі өңдеу өндірістерін іске қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Олжас Бектенов айтарлықтай көлемдегі инвестициялар «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы, оның ішінде шамамен 8 трлн теңге сомасына жаңа бағдарлама аясында қамтамасыз етілетінін атап өтті. Алдағы жылдары 1,5 трлн теңге сомасына 190 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарлануда.
Үкімет сонымен қатар экономикалық өсуді ынталандырудың негізгі бағыттарын белгіледі:
- мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы;
- металлургияны жаңғырту;
- ТКШ және энергетика инфрақұрылымын дамыту;
- сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, минералды ресурстарды өндіруді ұлғайту;
- ауыл шаруашылығы мен АӨК-ті қолдау.
Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асыру аясында көлік және өнеркәсіптік инфрақұрылымға ерекше назар аударылатыны мәлімделді.
2025 жылдан бастап елімізде 17 ірі инвестициялық жоба іске асырыла бастағаны хабарланады, олардың қатарында:
- автомобиль зауыттары;
- бутадиен, аммиак және карбамид өндірісі;
- металлургиялық кластер және жаңа мыс балқыту зауыты;
- Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаттарын кеңейту.
Еске салайық, бұған дейін үкімет отырысында айтылғандай, соңғы алты айда еліміздегі ЖІӨ көрсеткіші 6,2%-ға жетті. Өсу құрылыс, сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларында байқалады.
Фонд-бюро расследования коррупции