Skip to main content

Петропавлдағы алаяқтар су тасқынынан зардап шеккендердің есебінен пайда тауып жатыр

Submitted by Вера Александрова on

СҚО полицейлері үш күн ішінде Петропавлда су тасқыны кезінде алаяқтар орналастырған 50-ге жуық жалған хабарландыруды анықтады. 

Ratel.kz мәліметтері бойынша, стихия Петропавлға келгеннен бастап WhatsApp мессенджерінде адамдар су тасқыны жағдайын талқылайтын, тәжірибе алмасатын, зардап шеккендерге көмек ұйымдастыратын және т. б. топтар құрылды. 

Алаяқтар жағдайды пайдаланып, чаттарға көмек сұрап хабарлама жібереді.

«Көпшілік су тасқынынан зардап шеккен адамдар туралы, банк картасының нөмірі және көмек сұраумен хабарландыруларды көрді. Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мұндай хабарландыруларды тексереді: онда көрсетілген адамдар нақты ма, ақша аудару ұсынылған шоттар шынымен соларға тиесілі ме? 

Үш күн ішінде алты жаппай чатта 50-ге жуық жалған хабарландыру анықталды – көмек туралы әрбір үшінші өтініш шын мәнінде алаяқтар орналастырған. Хабарландырулар жойылды, олардың авторларының нөмірлері чаттарда бұғатталды», - деді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сонымен қатар полицейлер азаматтардан осындай сипаттағы кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруді сұрайды. 

СҚО тұрғындары күдікті хабарландырулар мен сілтемелерді тексеру үшін криминалдық полиция басқармасының қызметкеріне WhatsApp +7 747 429 0203 нөміріне жібере алады деп хабарланады.