Skip to main content

Петропавлда сауда желілерін бопсалаған блогерлер сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Петропавлда екі блогер «Magnum» және «Семейный» сауда желілерінен қорқытып ақша талап еткені үшін сотталды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, оларды «рейдтерді» тоқтату және әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдар жасамау үшін ақша талап етті деп айыптады.

Іске қатысты адамдар осы дүкендерге барған сапарларын ұялы телефонға түсіріп, иелерінің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жинаған. Кейін олар материалдарды Instagram әлеуметтік желісінде және YouTube арнасында жариялаған.

«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот блогерлерді кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Еске салайық, қаңтар айында Алматы полицейлері әлеуметтік желілерде компромат жариялау арқылы қорқытып, бопсалады деген күдікпен кәсіпкер мен екі блогерді ұстаған болатын. Қылмыскерлер 8 млн теңге қорқытып алмақ болған.

Ақпан айында Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде блогер Миршат Сарсенбаев 15 млн теңге қорқытып алды деген күдікпен ұсталды

Сәуір айында Шымкентте жалпы білім беретін мектептің бірінің педагогынан 12 млн теңге қорқытып алды деген күдікпен блогер ұсталды.