Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты мекеме басшысы бюджет қаражатын жымқыруға күдікті.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Шенеунік кәсіпкермен алдын ала сговор жасап, 7,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бюджет қаражаты тұрғын үйлердің жылу және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге арналған еді.
Тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.
Фонд-бюро расследования коррупции