Skip to main content

Петропавл шенеуніктері Жаңа жыл ролигін түсіруге 2,5 млн теңге сұрады

Submitted by Вера Александрова on

Мәдениет бөлімі Петропавл Жаңа жыл мерекесіне орай қаланың басты шыршасын жағу рәсімі туралы бейнеролик түсіру және монтаждау үшін 2,5 млн теңге сұрады.

Telegram-арнасы «HALYQSTAN» деректеріне сәйкес, бұл сұраныс қалалық мәслихат отырысында қызу талқылауға себеп болды. Депутаттар бөлім ұсынған сметаның анық асыра бағаланғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, шенеуніктер үш камерасы бар жылжымалы теледидар станциясының жұмысына және үлкен экранға тікелей эфирге 1,5 млн теңге жұмсауды жоспарлаған, тағы 1,2 млн теңгеквадрокоптермен түсіруге жұмсалады екен.

Қалалық мәслихат депутаты Зәкіржан Мәмлютов баға белгілеуді негізсіз деп атады.

«Google-ге сұраныс енгізіңіз, сонда нақты бағалар шығады. Үш камерамен негізгі түсіру 80 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, орташасы – 150 мың теңгеден тұрады. Астанада әлемдік жұлдыздар өнер көрсететін керемет концерттерді түсіретін премиум баға – жарты миллион теңге. Ал сіздерде 1,5 млн! Демек, баға он есеге өскен!» – деп наразылық білдірді депутат.

Ол сондай-ақ монтаж және жабдық жалдау есепке алынған күннің өзінде, квадрокоптермен жұмыс құны 40 мың теңгеден аспайтынын атап өтті.

«Бұл ақшаға күрделі деректі фильм түсіруге болады. Мүмкін, сіздерге Дженнифер Лопес ән айтады ма? Жоқ па? Сонда баға 30-40 есеге асыра бағаланған», – деді Мәмлютов.

Талқылаудан кейін депутаттар бюджеттен бейнетүсірілімге арналған шығыс бабын алып тастауды ұсынды. Енді жаңажылдық мерекені жариялау, бұрынғыдай, мемлекеттік тапсырыс аясында жергілікті телеарналар мен ақпарат агенттіктеріне жүктелді.