Skip to main content

Павлодарлық кәсіпкерді өлтіруге күдікті Ресейден экстрадицияланды

Submitted by Вера Александрова on

ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматын экстрадициялады, ол Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа шығып, байланысқа шықпай қалған. Туыстары оның жоғалғанын хабарлап, ер адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарына ілінген.

Тергеу анықтағандай, сол күні Павлодарда бизнесмен күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескен. 

Алдын ала деректер бойынша, олардың арасында қаржылық негізде жанжал туындаған. Жанжал кезінде күдікті кәсіпкерге кеуде және бет аймағына 22 пышақ жарақатын салған. Алынған жарақаттардан ер адам оқиға орнында қайтыс болған.

Қылмыс іздерін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның көлігін өз гаражында жасырып, содан кейін Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол РФ-де ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына орналастырылды. Оған заңнама 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс тағылады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура хабарлағандай, Қазақстан азаматы Литва Республикасынан экстрадицияланған болатын. Ер адам кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау күдігімен 17 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.