Павлодар әуежайы екі жүк көлігін, өздігінен түсіретін автокөлік пен ассенизаторды қымбат бағамен сатып алмақ болды - 142 млн теңгеге.
"Қазинформ" ХАА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлағандай, ұйым екі жүк көлігін 64,4 млн теңгеге, ассенизаторды 46,4 млн теңгеге және өздігінен түсіретін автокөлікті 31 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған.
Алайда мұндай арнайы техниканың құны көрсетілгеннен әлдеқайда төмен болып шықты. Мысалы, нарықтағы ассенизаторлардың бағасы орта есеппен 21 млн теңгені, өздігінен түсіретін автокөліктің шамамен бағасы – 25 млн теңгені құрайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілерінің араласуынан кейін сатып алу тоқтатылды.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың қараша айында Қазспецэкспорт" РМК бас директоры Арман Рамазанов пен сол компанияның импорт департаментінің директоры Азат Құдабаевтың ұсталғаны хабарланған еді.
Олар әскери тауарларды сатып алу кезінде бағаны көтеріп, бюджет қаражатын шамамен 1 млрд теңгеге жымқырды деп айыпталды.
Фонд-бюро расследования коррупции