Skip to main content

Павлодар облысындағы ауданның бас жер маманы сотталды

Submitted by Вера Александрова on

В Павлодар облысында Ертіс ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды. 

Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі шаруашылыққа заңсыз түрде ауданы 3 мың га асатын 2 жер учаскесі берілген. Жер комиссиясының оң қорытындысын алу үшін лауазымды тұлға бұрмаланған деректерді ұсынған.

«Мұндай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жер жалдау сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді, сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын азайтуға мәжбүр болған ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылып, қазіргі уақытта жергілікті тұрғындардың ортақ пайдалануында. 

Нәтижесінде сот жер қатынастары бөлімінің басшысын ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танып, оны 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.