Skip to main content

Оқу орталығының ұйымдастырушысы Алматыда 168 млн теңгеге алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық соты оқу орталығының ұйымдастырушысын шетелде оқытуға уәде беріп, алаяқтық жасағаны үшін соттады.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы оқу орталығын ұйымдастырып, басқарған, интернетте балалардың шетелдік ЖОО-ға «100% түсуін» және тұрғылықты жерінде Foundation бағдарламасы бойынша оқытуды белсенді түрде жарнамалаған. Осы шарттармен ол 112 азаматты тартып, 168 млн теңгеден астам қаражат жинаған.

Оқу ақысын төлеу үшін ол қосымша жеңілдіктермен жедел рассрочка немесе несие рәсімдеу схемасын ұсынған. Алайда уәде етілген сертификаттар мен оқу ұсынылмаған.

Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды немесе қосымша тергеу үшін істі прокурорға қайтаруды сұраған.

Нәтижесінде сот оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай кешірім заңын ескере отырып, түпкілікті мерзім 5 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығынан айыру болып белгіленген.

Жеңілдететін мән-жай ретінде 112 зардап шеккеннің 7-уіне залалдың ішінара өтелуі танылған. Азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылған — сотталушыдан зардап шеккендердің пайдасына 168 млн теңгеден астам өндірілген.

Еске салайық, бұған дейін жүзден астам алматылық отбасы «Metastudy» оқу орталығымен дау-жанжалды шешуді өтініп, Президент пен Бас прокурорға жүгінген.

Ата-аналардың айтуынша, орталық балаларды беделді мектептерге түсуге дайындау үшін елеулі сомаларды жинап, содан кейін жабылып қалған, ал отбасылар ақшаны қайтара алмаған. Полиция дауды азаматтық-құқықтық деп танып, қылмыстық істі тоқтатқаны хабарланған.