Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев нөсер жаңбырдан су басқан Жаңатас қ. болды. Сапар барысында ол Сарысу ауданындағы ТЖ салдарын жою жұмыстарымен танысып, сондай-ақ еріктілердің жұмысын атап өтті.
Еске сала кетейік, 7 шілде күні кешке Жаңатас қаласында қатты жаңбырдан пайда болған беткей ағындары 47 үйді, мектепті және 400-ден астам ауланы су басты. Ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін арнайы құрылған комиссия материалдық залал көлемін бағалау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды іс-шаралар өтуде. Облыс әкімінің бастамасымен өңірдің әртүрлі елді мекендерінен келген 200-ге жуық жас еріктілер зардап шеккен қаланы тазалауға қатысты.
«Қайырымдылық – халқымызға тән қасиет. Қиын кезеңдерде біз әрқашан бірігіп, бауырларымызға көмектестік. Мұндай игі іс жасауды ерлік деп санаймын», — деп атап өтті Ербол Қарашүкеев, жастардың жанашырлығына алғыс білдіріп.
Сондай-ақ, өңір басшысы су басқан тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, төтенше жағдай салдарын жою шараларын бақылауына алды.
Облыс әкімі мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін және зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы қолдаусыз қалмайтынын атап өтті. Ербол Қарашүкеев сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен облыстық маңызы бар Жаңатас-Саудакент автомобиль жолын қарап, оны бір апта ішінде қалпына келтіруді тапсырды.
Фонд-бюро расследования коррупции