Жамбыл облысындағы сот электриктің Тараздағы мектептердің біріне қатысты талап арызын қанағаттандырып, мекемені 1,2 млн теңге моральдық зиянның орнын толтыруға міндеттеді. Жұмысшы қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алған.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, электрик директордың орынбасарының тапсырмасы бойынша ғимараттың қасбетіндегі прожекторлардағы ақаулы шамдарды ауыстырған. Жұмыс кезінде нашар бекітілген құрылғылардың бірі үзіліп, ер адамды ұрған.
Үш метрге жуық биіктіктен құлау нәтижесінде ол омыртқа мен қабырғалардың жабық сынығын алған. Жарақаттар ауыр өндірістік жарақаттар ретінде сараланған.
Талап арыз берілген кезде зардап шеккен адам емделуін жалғастырып, қалпына келуіне айтарлықтай қаражат жұмсаған. Осыған байланысты ол сотқа жауапкерден материалдық залал мен моральдық зиянның орнын толтыруды талап етіп жүгінген.
Жауапкердің өкілі талапты мойындамаған. Мектепте өз қызметкеріне қаржылай көмек көрсетілгені және оның жұмыс орнында болмағанына қарамастан жалақысы сақталғаны түсіндірілген.
Осыған қарамастан, сот болған оқиғада жұмыс берушінің толық кінәсін анықтаған.
«Жұмыс беруші қауіпсіздік пен бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, жұмысты ұйымдастыру қанағаттанарлықсыз деп танылды», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты мектеп әкімшілігінен материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ заңгерлік көмек шығыстарына 1,2 млн теңге өндірілген. Шешім заңды күшіне енген.
Еске салайық, қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасы өндірістік жарақаттарды құқық қорғау органдарынан жасыру фактілерін анықтағаны хабарланған болатын.
Мысалы, мұнай сервистік компанияларының бірінің лауазымды тұлғалары дәрігердің тиісті қорытындысына қарамастан жұмысшының ауыр жарақат алғанын жасырған. Тағы бір жазатайым оқиға бойынша да осындай жасыру фактісі анықталған.
Фонд-бюро расследования коррупции