Skip to main content

Медициналық пойыз алыс ауылдардың тұрғындары үшін іске қосылады

Submitted by Вера Александрова on

Шалғайдағы ауылдар мен станциялардың тұрғындарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 20 сәуірден бастап мамандандырылған «Жәрдем» медициналық пойызы жүре бастайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көліктік медицина ұйымдастырылды. Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық тексерулердің, диагностикалық қызметтердің кең спектріне, тар мамандарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ олар ауруханаға жатқызуға жолдама ала алады», - деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

Пойыздың арқасында биылғы жылы 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарлануда, оның ішінде профилактикалық тексерулер, скринингтік зерттеулер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық-диагностикалық қызметтер, ЭКГ, УДЗ, флюорография бар. 

Медициналық пойыз бағдары бойынша 140 станцияға барады. 92 мыңнан астам адамды медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, 100 мыңға жуық қабылдау жүргізу жоспарлануда. 

Айта кетейік, мұндай медициналық пойыздар еліміздің әртүрлі бағыттары бойынша бірінші рет жіберіліп отырған жоқ.