Атырауда мас күйіндегі ер адам жедел жәрдем көлігінде өзін бейнеге түсіріп жатқаны үшін медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады.
Telegram-арнасының «HALYQSTAN» мәліметінше, 2 қазан күні кешке Балықшы шағын ауданында өтіп бара жатқан адамдар ішінде екі ер адам ес-түссіз жатқан Toyota көлігін байқаған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, екі ер адам да қатты мас күйінде болған. Біреуі тәртіп сақшыларына тапсырылса, екіншісі — Атыраудың 29 жастағы тұрғыны аяғы жарақаттанған күйде жедел жәрдем көлігіне отырғызылған. Алайда ер адам есін жиып, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Оның камуфляжды киім кигені атап өтілген. Дегенмен полиция оның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екенін нақтылаған.
Ер адамға қатысты ҚК 346-бабы бойынша («Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оған қатысты ӘҚБтК 675-бабы («Формалық киім мен арнайы жабдықты заңсыз кию») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің қатысуымен жасанды интеллектті қолданатын цифрлық шешімдер талқыланды.
Жобалар медицина персоналының қауіпсіздігін арттыру, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ дәрігерлерге жүктемені азайту мәселелеріне қатысты болды.
Осындай жаңалықтардың бірі медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін смарт-видеожетондарды енгізу болды. Пилоттық режимде технологияны Астананың бес жедел жәрдем бригадасы қолданып жатыр, ал жақын арада Алматыда іске қосу жоспарлануда. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.
Кейінірек денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп, Қазақстанның медициналық ұйымдарында 152 тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттерінің жұмысын қамтамасыз етті.
Сондай-ақ Астанада жедел жәрдем көліктерін бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жобасы жүзеге асырылып жатқаны хабарланды.
Фонд-бюро расследования коррупции