Skip to main content

Магистральдік теміржол жолдары Маңғыстау облысында мемлекетке қайтарылды

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысында сот «Каскор-Транссервис» АҚ магистральды теміржол желісін мемлекет меншігіне беруге міндеттеді.
 
Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральды теміржол жолдарына иелік ету фактісін анықтаған.

Бұл ретте заң бойынша магистральды теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы тиіс.

"Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекет меншігіне қайтару қажеттілігін ескере отырып, көлік министрлігі сотқа талап-арызбен жүгінді", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ведомствоның талап-арыз талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.