Skip to main content

Қытайда жоғары лауазымды шенеунік ұрлық үшін өлім жазасына кесілді

Submitted by Вера Александрова on

Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында Хух-Хото округінің экономикалық және технологиялық даму аймағының партиялық-өнеркәсіп комитетінің бұрынғы хатшысы Ли Цзяньпин өлім жазасына кесілді.

Бұл туралы ORDA Қытай Орталық телевидениесіне сілтеме жасап хабарлағандай, Ли Цзяньпин басшылық қызметтерді атқара жүріп, мемлекеттен 1,43 млрд юаньнан (шамамен $200 млн) астам қаражат ұрлаған.

Сонымен қатар, шенеунік 577 млн юаньнан (80 млн доллардан астам) пара алған және 1 млрд юаньнан ($146 млн) астам қаражатты мақсатсыз жұмсаған.

Оған қоса, Ли Цзяньпин қылмыстық ұйымға жәрдемдесуде кінәлі деп танылған. Сот үкімінде оның әрекеттері «мемлекет пен халық мүдделеріне ерекше ауыр зиян келтіргені» атап өтілген.

Өлім жазасы туралы сот шешімі 2022 жылдың қыркүйегінде шығарылған. Осы жылдың тамызындағы апелляциядан кейін Ішкі Моңғолия ауданының жоғарғы халық соты оны өзгеріссіз қалдырған. 17 желтоқсанда өлім жазасы орындалған.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамызында Абай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серік Байғалиев Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өлім жазасын енгізуді ұсынған.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте табысқа тек қылмыстар үшін қатаң жаза қолдану арқылы ғана жетуге болады. Мысал ретінде ол қысқа уақыт ішінде айтарлықтай өзгеріп, дамыған әлемдік державаға айналған Сингапурды келтірген.

Автордың пікірінше, егер өлім жазасы қолайсыз болса, онда ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босату мүмкіндігінсіз өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолданылуы керек.