ҚР туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті «InCruises» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұған дейін 135-тен астам қазақстандық сотқа талап-арыз беріп, 243 мың долларға жуық қаражатты қайтаруды және компания қызметін заңсыз деп тануды талап еткен болатын. InCruises елімізде 2017 жылдан бері жұмыс істеп, «круиздік клубқа» қатысуды ұсынып, тегін саяхаттар мен жаңа клиенттер тартқаны үшін бонустар уәде еткен.
Алайда, «Stop_piramida.kz» жобасының» хабарлауынша, шындық мүлдем басқаша болған: ақшаны қайтару бұғатталған, ережелер бір жақты өзгертілген, ал уәде етілген қызметтердің бір бөлігі қолжетімсіз болған.
Клиенттердің куәлік етуінше, алғашқы күрделі мәселелер 2023 жылы пайда болған. Талап қоюшылар компания Қазақстан мен АҚШ-тың тұтынушылар құқығын қорғау заңдарын бұзғанына сенімді және оның еліміздегі қызметіне толық тыйым салуды талап етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) InCruises компаниясын қаржылық пирамида белгілері бар компаниялар тізіміне енгізген еді.
Азаматтардың өтініштері түскеннен кейін туризм индустриясы комитеті хабарлағандай, InCruises турагент немесе туроператор ретінде мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінде тіркелмеген.
Комитет тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ Атырау экономикалық тергеу департаментіне хат жолдаған, ол қылмыстық іс қозғаған.
Сонымен қатар, комитет алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қатысты мәселелерді тергеу олардың құзыретіне кірмейтінін атап өтті. Сондықтан барлық материалдар одан әрі шара қабылдау үшін ІІМ-ге берілген.
Фонд-бюро расследования коррупции