Астанаға Қырғызстан сот жүйесінің жоғары лауазымды тұлғаларынан құралған делегация келді. Олар тәжірибе алмасу үшін астананың қылмыстық соттарына барып қайтты.
«Қылмыстық істерді тергеу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделеу мақсатында Қырғыз Республикасының делегациясы ҚР Бас прокурорының орынбасары Қонқұбаева Ұ.Ұ., ҚР Президенті Әкімшілігінің соттар және прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қоңғантиева З.К., ҚР БП қылмыстық, азаматтық сот ісін жүргізу және сот шешімдерінің орындалуын қадағалау бас басқармасының бөлім бастығы Масалбекова К.Т., ЕО сарапшысы Осмоналиев Б.Т., ҚР БП жанындағы «Укук» ММ директоры Юсупов Ұ.Т., ҚР БП ақпараттық технологиялар, құқықтық статистика және есепке алу бас басқармасының прокуроры Мамытов С.Т. және басқа да қызметкерлер құрамында Астана қаласындағы қылмыстық юрисдикция соттарына барды», - деп хабарлады астаналық соттардың баспасөз қызметі.
Кездесуде Астана бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Оспанов К. делегаттарды «Электрондық қылмыстық іс» жобасын іске асыру туралы ақпараттандырды.
Қонақтарға «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі «Электрондық қылмыстық істер» модулі, істерді автоматты түрде бөлу жүйесі көрсетілді, сондай-ақ елдің сот жүйесінде жасанды интеллектті қалай қолдануға болатыны көрсетілді.
Өз кезегінде қонақтар Қазақстанның сот жүйесінің жоғары жетістіктерін атап өтіп, тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдірді.
Фонд-бюро расследования коррупции