Skip to main content

Күшті әсер ететін дәрілер Маңғыстауда рецептсіз сатылған

Submitted by Вера Александрова on

ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

polisia.kz мәліметінше, есірткі және улы заттардың айналымына байланысты 22 қылмыс анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері тартылды. 

Сақтау шарттарын бұзу үшін 43 кг есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам таблетка және шамамен 15 мың ампула дәрі-дәрмек тәркіленді. 

Сонымен қатар, лицензиялау нормалары мен сақтау шарттары талаптарын бұзу салдарынан айналымнан 3 тоннадан астам прекурсор алынды. Мысалы, СҚО-дағы өнеркәсіптік нысандардың бірінің аумағында тексеру кезінде сақтау ережелері бұзылып сақталған 45 кг сынап табылып, тәркіленді. 

Сондай-ақ, елордалық медициналық ұйымды тексеру кезінде полицейлер есірткі заттарын сақтау қағидаларының бұзылуын анықтап, 350 ампула морфинді тәркіледі. Сонымен бірге Маңғыстау облысының прокуратурасы лицензиясыз дәріхананы анықтады. Оның иелері мерзімі өткен «Тропикамид» дәрі-дәрмектерін сақтап, оларды рецептсіз сатқан (45 мыңнан астам қаптама - облыс бойынша сатып алудың жалпы көлемінің 55%). 
___________ 
Анықтама үшін: Тропикамид - есірткінің әсерін күшейтетін күшті әсер ететін зат

Өңір прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәріхана иесі 464-баптың 1-бөлігіЛицензиялау нормаларын бұзу») және ӘҚБтК-нің 426-бабының 1, 3-бөліктеріФармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы қағидаларды бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.