Қостанай тұрғындары құны 2,13 млрд теңге болатын жағалау құрылысының жай-күйіне шағымдануда. Абаттандыру жобасы бірнеше жылға есептелген, бірақ бір бөлігі әлі салынып жатқанда, екінші бөлігі бұзыла бастаған.
Informburo.kz деректеріне сәйкес, жағалаудағы кірпіш қалау цемент тапшы болғандай орындалған, ал тас төсем тіпті бірнеше жерден опырылып түскен.
Өткен көктемде су тасқыны кезінде триатлон-парк толығымен су астында қалған. Жағалауды абаттандыруды Тобыл өзені арнасына қайта оралғаннан кейін ғана жалғастыра алған.
«Жағалау алаңдатарлық жағдайда. Бес жыл бұрын салынған сияқты - бәрі опырылып, барлық тас төсем түсіп кеткен», - дейді жергілікті тұрғындар.
Жергілікті ТКШ бөлімінің хабарлауынша, алматылық мердігер нысанды өткен жылдың күзінде тапсыруы керек еді, бірақ үлгермеген.
Жобаның құны 2,13 млрд теңге болған. Бұған ұзындығы 570 метр тіреуіш қабырға салу және 12 балалар мен спорт алаңшасын орнату кіреді. Фирманың абаттандыру жұмыстарын аяқтап, ақауларды жоюға әлі бір ай уақыты бар.
«Осы жоба бойынша тас төсем төсеу жұмыстары ішінара қыс мезгілінде жүргізілген болатын. Нәтижесінде жылы ауа райы орнаған кезде тас төсемнің бір бөлігі опырыла бастады. Алаңшаның жалпы көлемі жалпы ауданның 10% құрайды», - деді ТКШ бөлімі секторының меңгерушісі Нұрдәулет Бейсенов.
Өз кезегінде қалалық әкімдік нысанның 95% дайын екенін, ал пайдалануға берілгеннен кейін мердігер тағы үш жыл кепілдік міндеттемелерін атқаратынын хабарлады.
Фонд-бюро расследования коррупции